Деректерді жүктеу...
МЕНШІКТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕРЕКҚОРЫ
Анықтама
Деректерді жүктеу...
Осы бөлім Қазақстан Республикасының «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңын іске асыру үшін әзірленген және:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттің мониторингі жүзеге асырылатын объектілер мен олардың аффилиирленген тұлғалардың (жеке тұлғаларды қоспағанда) тізімін;
- меншіктің мемлекеттік мониторингінің электрондық дерекқорына қосылған ақпаратын, атап айтқанда мониторинг объектілерін зерттеу нәтижесін қарау үшін арналған.
Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген электрондық цифрлық қол таңбасы бар болуы кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 730 қаулысымен бекітілген, Меншіктің мемлекеттік мониторингі ақпаратына қол жеткізу ережесіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне Электрондық базаға қолжетімділік беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамға берілген мемлекеттік уәкілетті органның жазбаша өтінімі (өтінімнің бланкісін көшіріп алу) негізінде Электрондық базаға қолжетімділікті қамтамасыз ету іске асырылады.
Generated in 73ms